QAZ РУС

Ақмола облысының аймақтық географиялық ақпараттық жүйесі

АГАЖ – бұл веб-сервис арқылы географиялық ақпаратқа (кеңістіктік деректерге) және сапалы контентке қолжетімділікті көрсететін және ұсынатын интернет – ресурс.

Жүйе метадеректерді іздеу және қарау, геокеңістіктік ақпаратты іздеу, оны жүктеу, визуализация және беру міндеттерін шешеді. Сонымен қатар, жер қатынастары және сәулет саласында көрсетілетін бірқатар мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Өзекті ақпаратты алуға базалық, тақырыптық, ақпараттық, аналитикалық кеңістіктік деректерді, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша геоақпараттық ресурстарды бірыңғай ақпараттық базаға біріктіру жолымен қол жеткізіледі.